Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің

Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің міндеттерін, өкілеттіліктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және осы Ережеге сәйкес әрекет етеді.

2. Кеңес өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң), «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтар актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

2. Кеңестің басты мақсаттары, міндеттері және өкілеттігі

3.      Кеңес қызметінің негізгі мақсаты Казақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ішкі аудит шеңберіндегі қызметін жетілдіру болып табылады.

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктерді (уәкілетті орган жүргізген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен, сапа бақылауы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызметтерінің жұмыс тиімділігін бағалау нәтижелерімен келіспеу туралы мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтары) шешу;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде ресурстарды бөлу, ақпараттық жәрдем көрсету мәселелерін қарау;

3) мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша ұсынымдарды, Департамент есептерін және осы ұсынымдарды іске асыру мониторингін қарау;

4)  уәкілетті органға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) Министрліктің қызметін жетілдіруге бағытталған басқа да мәселелерді қарау болып табылады. 

5. Кеңес өз құзіреті шеңберінде өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін:

1) мемлекеттік органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, Министрлік ведомстволарының  аумақтық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара әрекеттеседі, қажет болған жағдайда жұмыс тобын құрады;

2) Заңға сәйкес Кеңестің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрлік ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының лауазымды тұлғаларын Кеңес отырысына шақырады.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

6. Кеңестің қызметін Кеңестің төрағасы (бұдан әрі – Төраға) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі (бұдан әрі – Министр) басқарады.

7. Кеңестің құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі, оған Министрліктің жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар басшылары, сондай-ақ Ішкі аудит департаментінің директоры кіреді.

8. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатқа ие.

9. Шешімдер отырыста қатысатын Кеңес мүшелері жай көпшілік дауыс берумен  қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, шешуші дауыс беру  құқығы Кеңес Төрағасында болады. Кеңес шешімі, егер отырыс оның құрамынан кем дегенде 2/3 қатысса, заңды болып есептеледі. Сондай-ақ, Кеңес отырыстарында дауыс беру құқығы жоқ шақырылған тұлғалар да қатыса алады.  

10. Төраға Кеңестің кезекті және кезектен тыс отырыстарына шақырады, отырыс хаттамаларына қол қояды.

11. Төраға болмаған жағдайда, оның функцияларын Министрдің міндетін атқарушы тұлға жүзеге асырады.

12. Кеңес қызметін ұйымдастыру мәселелері Департамент қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысына (бұдан әрі – Хатшы) жүктеледі. Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беруге құқығы жоқ.

13. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай жүргізіледі (тоқсан сайын, жартыжылда бір рет) өткізіледі. Өткізу күні, уақыты мен күн тәртібін Кеңес мүшелерінің пікірін ескере отырып, Төраға айқындайды.

14. Кеңес отырысын өткізгеннен кейін Хатшы хаттаманы рәсімдейді.

15. Кеңес отырысының хаттамалары және басқа да материалдары қағаз және электрондық тасығышта Хатшыда сақталады.

16. Кеңес мүшесі:

1) Кеңестің материалдарына қол жеткізе алады;

2) Кеңес отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысады;

3) Кеңес отырыстарында қарауды және талқылауды талап ететін мәселелерге бастамашылық жасайды.

There is currently no content classified with this term.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Ішкі аудит департаменті